427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтті

  • 580
  • UPD: 20:58, 17.12.2019

Ресей, Бразилия, Франция елінің және Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарының өнер ұжымдары үш күн бойы Арқа жұртын тәнті етті. Таңдап алған тақырыптары терең, көркемдік-эстетикалық ізденістері байқалып тұр. Көрермендер түрлі жанрдағы қойылымды тамашалады. Игі шара кеншілер шаһарындағы «Буратино» театрының жарты ғасырлық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.

Амантай Ыбыраев, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының директоры:

- Қуыршақтар театры фестивалі халықаралық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Біз мұны дәстүрлі шараға айналдырғымыз келеді. Өңірімізге кейін көлеңкелер театры мен ым-ишара театрын да әкелсек деген жоспарымыз бар. Қытай өнерпаздары бірнеше жанрды біріктіріп, керемет дүниелер жасап жүр. Соны да біздің көрермендерге ұсынсақ дейміз.

Хабар 24 телеарнасы