429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетінші «Алтын адам» алғаш рет жұртшылыққа таныстырылды

  • 1207
Жетінші «Алтын адам» алғаш рет жұртшылыққа таныстырылды

Ресей музейлеріндегі қазақ тарихына қатысты жәдігерлердің көшірмесі елге жеткізіледі.

Бұл туралы Ұлттық музей директорының орынбасары Алмаз Нұразхан мәлімдеді. Айтуынша, бұрын көршілес елдің заңы бойынша музейден ешқандай жәдігер сыртқа шығарылмаған. Екі ел арасындағы сала мамандарының келісімнен кейін тек көшірмесін алуға рұқсат берілген. Айта кету керек, бүгін ұлттық музейдің 5 жылдығына арналған халықаралық форум өтті. Отандық және шетелдік музей ісін зерттеушілер келіп, Қазақстан музейлерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін саралады. Музейлер мен көрме кеңістіктерін цифрлық форматта дамыту мәселесі де назардан тыс қалмады. Шара барысында, елімізде табылған жетінші «Алтын адамның» ғылыми реконструкциясы алғаш рет жұртшылыққа таныстырылды. Құнды жәдігер Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында табылған болатын. «Елеке Сазы» қорғанынан табылған байырғы сақ мәдениетінің бірегей бұйымдарын қайта жаңғыртқан – археолог Зейнолла Самашев.

Алмаз Нұразхан, ҚР ұлттық музей директорының орынбасары:

– Қазір біздің жәдігерлеріміз әлемдік Лувр, Эрмитаж сынды музейлердің дәрежесіне жетеді деп ойлаймын. Соған тырысып жатырмыз. «Алтын адам шеруі» деген үлкен жобамыз бар. 3 жылдан асты, әлемнің ірі елдерінде көрме өткіземіз. Шетелдік музей директорлары бізбен қарым-қатынасты нығайтпақ.

Хабар 24 телеарнасы