375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лувр алдында қазақ музыкасы шырқалды

  • 194
  • UPD: 15:48, 18.12.2019

Қазақстандық музыкант Лувр алдындағы алаңда өз өнерін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гаухарбек Күнқожаев Түркістан қаласында тұрады. Жерлестері оны ұлттық музыкалық аспаптар жасайтын шебер ретінде біледі. Мейрам күндері Парижге барған ол туристерді біздің мәдениетімізбен таныстыруды ұйғарған. Ол түрлі аспаптарда күй мен ұлттық әндерімізді орындады.

Гаухарбек Күнқожаев, музыкант:

– Жер мен жерді, ел мен елді өнер байланыстырады дейді. Халықпен халық, ұлт пен ұлыс бір бірімен тату тәтті болуы керек. Біз де өнерімізді көрсетіп, достық символы ретінде келдік.

Хабар 24 телеарнасы