423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Central Asia’s Got Talent» жобасының ақтық мәресі жақындап қалды

  • 656
  • UPD: 22:56, 19.12.2019

22 желтоқсан күні Орталық Азия өнерпаздары арасындағы жеңімпаздың есімі белгілі болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Өйткені осы күні «Central Asia’s Got Talent» жобасының ақтық мәресі өтеді. Бұл жолы алдыңғы 5 түрлі сынақтан сүрінбей өткен түрлі жанрдағы талант иелері барын салмақшы.

Бұл жоба өзгелерден ерекше! Өйткені, телекөрерменмен тікелей байланыста өтетін сайысқа қазақстандықтар ғана қатысып жатқан жоқ. Байқауда Орталық Азия мемлекеттері – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген талант иелері де бақ сынауда. Әрі әдеттегідей ән мен бимен шектелу бұл жоба үшін таңсық. Өйткені:

Абай Оразбаев, «Хассак» акробаттар тобы мүшесі:

– Біз осы жобаға қатысып жатқан соң бәріне дайынбыз. Неше түрлі қиындыққа дайынбыз. Ұтамыз деп келдік. Енді ұтамыз деген үміттеміз.

Акробаттардан басқа,твизиялық жобаның көркін қыздыратындардың ішінде үздік вокалистер, бишілер мен сыйқыршылар, тіпті вундеркиндтер де бар. Әрі байқауға қатысамын деушілердің жас мөлшерінде шектеу жоқ.

Жантас Тұран, жоба редакторы:

– Баладан бастап қарияға дейін қатысуға мүмкіндігі бар. Жобаның мақсаты өте ауқымды. Ауылдарда, шет аймақтарда белгілі бір өнер иелері бар. Бірақ олардың көпшілік алдына шығуына мүмкіндік жоқ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы кастинг әлеуметтік желілерде өткен. Екінші кезеңде онлайн іріктеуден өткендер әділ қазылар алқасы алдында өнерлерін ортаға салды. Одан үздік шыққандар жартылай финалға өтіп, бүгінге дейін іріктелді. Қазір жобада әр елден жиналған 12 өнерпаз бақ сынап жатыр.

Дмитрий Поляков, Ташкент иллюзионисті:

– Мен иллюзионист ретінде ешкімнің әрекетін қайталамауға тырысамын. Көбінесе, халықты, көрерменді таңғалдыруды басты мақсат тұтамын. Бұл жоба туралы ең алғашқы хабарландыру шыққан сәттен білемін. Міндетті түрде барымды салып, жеңіске жетемін деп ойлаймын.

Бұл – әлемнің 70 елінде тікелей эфирде көрсетілген ауқымды формат. Енді осы ауқымды жоба 22 желтоқсанда «Хабар» арнасының тікелей эфирінде көпшілік назарына ұсынылады. Қапы қалмаңыздар!

Авторы: Марат Таубаев

Хабар 24 телеарнасы