377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Тәжікстанда көрсетіледі

  • 351
  • UPD: 11:46, 20.12.2019
«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Тәжікстанда көрсетіледі kinoteatr.kz

22 желтоқсанда Душанбе қаласындағы Кино үйінде Тәжікстан және Қазақстан кинематографистер одақтарының ынтымақтастығы шеңберінде «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі.

Бұл анимациялық фильм жақында ғана Израильден жеңіспен оралды, деп хабарлайды «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениеті туралы сыр шертетін бұл анимациялық туынды бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды. Бұл фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.

Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлуғазы түсірген «Мұзбалақты» Париж бен Минск тұрғындары да тамашалаған.

Ал аталмыш туынды отандық прокатқа 18 қазанда шықты.

Хабар 24 телеарнасы