410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ұлы дала жауһарлары» жинағы жарық көрді

  • 755
  • UPD: 13:43, 20.12.2019
«Ұлы дала жауһарлары» жинағы жарық көрді

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Дала фольклорының антологиясы», «Ұлы даланың көне сарындары» және «Ұлы дала жауһарлары» атты жинақтар жарыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жүзеге асырған жоба бұрынғы жинақталған материалдарды қайтадан саралап, жүйелі зерттеу жүргізу нәтижесінде дайындалған. Мәселен, «Дала фольклорының антологиясының» жарық көрген алғашқы 5 томында ұлттық эпостың таңдаулылары іріктеліп, баршаға қолжетімді болу үшін цифрлық нұсқасы бірге әзірленген. Ал, «Ұлы даланың көне сарындары» жинағында фольклорлық музыкадан бастап халық әндері мен халық композиторларының таңдамалы 335 әнінің ноталық жазбасы алғаш аудионұсқасымен қоса, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ғылыми-танымдық түсініктемесімен жарияланған. Сондай-ақ «Ұлы дала жауһарлары» жинағында түркі халықтарына ортақ ежелгі және орта ғасыр әдеби ескерткіштері қамтылған. Әрқайсысы 10 мың данамен жарыққа шыққан жинақтар еліміздің кітапханаларына, жоғары оқу орындарына таратылады.

Кенжехан Матыжанов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:

- Мәселен, бір «Қобыланды батыр» жырының 20-дан астам нұсқасы бар. Оның біразы араб әрпімен жазылған. Біразы латын қарпімен жазылған. Міне, осыларды жинақтай отырып, соның ішіндегі ең таңдаулыларын іріктеп ғылыми саралаудан өткізіп барып, жарық көріп отыр. Кез келген елге, әлемдік қауымдастыққа ұялмай таныстыруға болатын, соларға қолжетімді болатындай деңгейге жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы