419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Central Asia's Got Talent»: Шоудың жеңімпазы 22 желтоқсанда анықталады

  • 711
  • UPD: 20:57, 20.12.2019

Алдағы демалыс күні Орталық Азиядағы ең талантты адам анықталады. «Хабар» арнасынан жарық көретін арнайы жобаның финалдық сыны жексенбіге жоспарланған. Нәтижесінде, жарты жылға созылған жарыстың жеңімпазы мен жүлдеге тігілген 10 миллион теңгенің иегері белгілі болады. 

Бұл әлемнің 70 елінде көрсетілетін ауқымды жоба. Оның біздің аймақта да қажеттігі жайында біраздан бері айтылып жүрген. Ақыры биыл «Хабар» арнасының қолдауымен қолға алынып, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан таланттарының басын бір жерге қосты. Соңғы жырты жыл көлемінде мыңдаған адам іріктеуге қатысып, ақыры ең үздік дегендері финалға жетіп отыр. 

Жантас Тұран, жобаның редакторы:

- Мақсат жалпы кез-келген дарын иесінің бағын ашу. Негізгі мақсат – көрсету өзінің дарынын, талантын бойындағы. Мысалы, көпшілігінде мүмкіндік жоқ қой сахынаға шығып, өзінің дарынын көрстуге. Ал, бұл жоба кез-келген қатысушының арманын жүзеге асыруна мүмкіндік берді. 

Шешуші сынға 12 үміткер жолдама алды. Олар қазір елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Финалдық бәсеке де осы жерде болады. Келіп көрем деушілерге есік ашық дейді ұйымдастырушылар. Ал қатысушылар көпшілікті таңқалдырып, ерекше әсер сыйлайтынына сенімді. 

Арсен Рахымбеков, жобаға қатысушы /Қырғызстан/:

- Біздің команда күрдері арифметикалық есептерді шешу арқылы көпшілікті таңқалдырып келді. Енді финалдық сынға ерекше ден қойып, зияткерлік қабілетімізді басқа қырынан көрсетпекпіз. Оның жай-жапсарын қазір ашып айтқым келмейді. Бірақ, алдағы жексебіде керемет шоу боларына сенімдімін. 

Жоба жеңімпазына 10 миллион теңге табысталады. Бұған қоса 4 елдің қатысушылары арасынан бір-бір үздіктен анықталып, әрқайсысына 3 миллион теңге көлемінде сыйақы берілмек. Ал оның нақты кім болатынын қалың көрерме, арнайы дауыс беру арқылы шешеді. Орталық Азиядағы таланттар шоуының шешуші сыны 22 желтоқсанда 19:00-де «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы