418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тимур Сегізбаев туралы деректі фильм жарыққа шықты

  • 380
  • UPD: 19:13, 21.12.2019

Қазақ футболының аңызына айналған Тимур Сегізбаев туралы деректі фильм жарыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тимур Санжарұлының ел футболы тарихындағы үздік ойыншылардың бірі атанғаны анық. Ол бірнеше жыл «Қайрат» командасының капитаны болды. Тимур Сегізбаев бүкіл күш-жігерін «Қайратқа» арнады. Команда сапында 1958 жылдан 1970 жылға дейін 200-ден аса матч өткізді. Ол бүкілодақтық даңққа 1964 жылы Мәскеудің «Спартагымен» өткен матчтан кейін қол жеткізді. Өйткені ойында екі голды да Тимур Сегізбаев соққан еді. Тимур Сегізбаев кейін бапкерлікке бет бұрып, оның басшылығымен «Қайрат» футбол клубы КСРО Жоғары лигасы тарихында қазақстандық командалар арасында ең жақсы нәтиже көрсетті. Сол маусымда «Қайрат» командасы КСРО біріншілігінде жетінші орынға көтерілді. Деректі фильм бүгін саған 17:20-да «Хабар» арнасынан көрсетіледі. 

Хабар 24 телеарнасы