375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде еліміз бойынша ең жас музыканттардан құралған оркестр бар

  • 207
  • UPD: 14:19, 22.12.2019

Ақтөбеде еліміз бойынша ең жас музыканттардан құралған үрмелі аспаптар оркестрі бар. Облыс орталығы маңындағы Сазды орта мектебінің оқушылары ұлттық және классикалық туындыларды орындайды. Өнерпаздардың басын қосқан Абыл Смаилов –  алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі. Бұған дейін Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында оркестр жетекшісі болған. Зейнет демалысына шыққан соң туған ауылында оқушыларды өнерге баулып жүр.

Үрмелі аспаптар оркестрі жаңа жылдық мерекеге дайындыққа кірісіп кеткен. Өнерпаздар ұжымы білім ордасынан бөлек ауылда өтетін барлық концерттік бағдарламаның негізгі қонақтары. Саксафоннан бастап кернейдің түр-түрін игерген бүлдіршіндер республикалық деңгейдегі жарыстарда да топ жарып жүр. Оркестр жетекшісі зейнет демалысындағы әскери азмат болғандықтан болғандықтан оқушыларды музыкаға баулумен қатар спортты да насихаттайды.

Жалғасым Наурызбаев, сазды орта мектебінің оқушысы:

- Спорт арқылы өзіміздің денсаулығымызды дамытамыз. Оған мысал, біз мысалы, астанаға барған кезде ешқашан автобусқа мінген жоқпыз. Жарыс біткен соң күніне 20-21 км жаяу жүріп, астананың барлық жеріне бардық деп айта аламын. 

Мектеп бағдарламасындағы ән сабағы бұл өрендер үшін алғашқы қадам болған. Үйірме ашар алдында Абыл Смаилов музыка пәнінің ұстазымен ақылдасып, талантты деген оқушыларды іріктеп алады. Ең кішкентай орындаушы 9 жаста. Бүлдіршіндер нотаны да бес саусағындай жаттаған. Қазір оркестрдің әрбір мүшесі до-мажордан ля-минорды айыра алады.

Абыл Смаилов, оркестр жетекшісі:

- Біз жалпы маршқа да көңіл бөлеміз, вальс, әндер, қазақша, классикаға да қазір бет бұрып жатырмыз. Себебі балалар осы үш жылдың ішінде осындай деңгейге жетті. Профессионалдық деңгейде. Нотаны ашып, ойнай береді. Бір произведениені алсақ біздер жарты сағат қана дайындаламыз. Содан кейін ол дайын болып шыға келеді.

Қазір оркестрдің репертуарында 30-ға жуық туынды бар. Негізінен патриоттық әндерден құралған. Сондықтан жыл сайын жоғарғы класс оқушыларының қатысуымен өтетін әскери-жаттығу жиындарын музыкамен сүйемелдейді. Балалар оркестрі танымал болған сайын оның құрамында өнер көрсетем деушілер қатары артып отыр. Алайда музыкалық аспаптардың тапшылығы қолбайлау боп тұр.

Бекнұр Мырзаханов, Сазды орта мектебінің оқушысы

- Қосымша аспаптар болса келем деушілер бар. Біздің оркестрге ағай 18 бала қабылдағысы келеді. Бізде қазір келем деушілер көп болғанымен инструметтер аз. Ондықтан бізде қазір 18 балаға жетпей тұр. 

Үрмелі аспаптарды сатып алуға кез келгеннің жағдайы келе бермейді. Ауыл мектебінің бюджетінде үйірмеге қосымша қаржы қарастырылмаған. Сондықтан оркестр жетекшісі аспаптарды демеушілердің көмегімен жаңартуды көздейді. Әзірге жас өнерпаздардың қаржылай шығынын ата-аналары ғана көтеріп келеді.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы