428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының аяқталуына орай гала-концерт өтті

  • 507
  • UPD: 22:49, 22.12.2019

Салтанатты шараны ашқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жыл аясында жүзеге асырылған жобаларға тоқталып, екіжақты байланыс нығая түскенін атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеш Қазақстанның еңбек сіңірген әртістерінің өнерімен жалғасып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Еске сала кетейік, «Өзбекстандағы Қазақстан жылы» биыл көктем айында бастау алған. Ауқымды шара аясында көптеген конференция мен көрмелер өтіп, мәдени, спорттық және туристік іс-шаралар жүзеге асырылды.

Икрам Хашимжанов, Қазақстан өзбектері «Достық» қауымдастығының төрағасы:

– Шын мәнінде қазақ өзбек халқының мызғымас достығын бүгінгі концерттік бағдарламадан білсе болады. Біздің қазақтың батырлары, сонымен бірге, киіз үйіміз, қолөнер бұйымдары, суреттер галереясы, көрермендердің көңілінен шыққанын көріп тұрмыз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Алдымызда келе жатқан мерекелер құтты болсын.

Хабар 24 телеарнасы