376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында музей түні өтті

  • 176
  • UPD: 15:42, 23.12.2019

Ерекше шара Құлан ауылында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ауылды жерлердегі музейлердің әлеуетін көтеріп, жастар мен тұрғындардың қызығушылығын арттыруға бағытталған. Түнгі музейге кіру тегін болды. Келушілердің назарына Ұлы жібек жолы мен көне Құлан қалашығының орнынан табылған сирек әрі бірегей заттар ұсынылды. Жұрт ғасырлар қойнауынан қалған қыш ыдыстар, көне қару-жарақтар мен тарихи бұйымдармен танысты. Сонымен қатар қайта жанданған тарихи тұлғалар мен жергілікті өнер адамдарының образын көріп, өткенге үңілді. Жалпы қазір аудандық музей қорында 9 мыңнан астам құнды жәдігер жиналған. Оның жартысына жуығын жергілікті халық ерікті түрде өткізген.

Эльмира Асылбекова, Құлан ауылының тұрғыны:

Өте ұнады. Кейіпкерлері айнымайды. Біздің жергілікті сазгерлеріміздің нағыз бейнесін көрсетіп отыр. Жауынгер, әскерлердің. Өте жоғары дәрежеде деп ойлаймын.

Эльдар Өтембаев, Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі:

- Қазба жұмыстары кезінде табылған дүниелер қазіргі таңда жастардың арасында қызығушылық туғызып отыр. «Музей саласына, қазба жұмыстарына барайық, біз де көрейік сол болып жатқан орындарды» дейтін жастар қазір көп. Өздерінің тапқан дүниелерін үйлерінде тұрған, болмаса ата-бабаларынан қалған дүниелерін біздің аудандық орталық музейге өткізушілер саны жылдан жылға көбейіп келе жатыр.

Хабар 24 телеарнасы