432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ киносы ерекше әсер қалдырды – норвегиялықтар

  • 587
  • UPD: 09:09, 24.12.2019

Қазақстанның Норвегиядағы мәдени айлығы Қазақ киносы күндерімен аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел астанасы Осло қаласында көпшіліктің назарына «Алмас қылыш» және «Балуан Шолақ» фильмдері ұсынылған. Көрсетілімге Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Еркін Ахинжанов та қатысып, тарихи кинотуындыларды түсіру туралы баяндады. Ослодан бөлек елдің мұнайлы астанасы саналатын Ставангер қаласында «Әміре» фильмі көрсетілді. Келген қонақтар актерлердің шеберлігі мен декорацияларға жоғары бағасын беріп, қазақ мәдениетімен жақынырақ танысқандарын айтады. Жалпы Қазақстанның Норвегиядағы мәдени айлығы Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орайластырылған. Шараны өткізуге республикамыздың корольдіктегі елшілігі мұрындық болды.

Ханс Хенриксен, саяси партияның құрметті ардагері:

– Осы жасқа келгенше талай фильмді көрдім. Алайда қазақ киносы ерекше әсер қалдырды. Түсірілім ауқымы таңғалдырады. Актерлер мен каскадерлердің шеберлігіне сөз жоқ.

 Ваил Шериз, жергілікті тұрғын:

– Мен «Алмас қылыш» және «Балуан Шолақ» фильмдерін көрдім. Сөйтіп, Қазақстан мен Еуразияның көпжылдық тарихына көзқарасым өзгерді.

Хабар 24 телеарнасы