378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облыстық музейінің қоры жүзге жуық күміс әшекеймен толықты

  • 145
  • UPD: 08:55, 25.12.2019

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі жүз шақты күміс зергерлік әшекеймен толықты. Әртүрлі сақиналар мен білезіктер, белдік пен сырғалар  ХІХ  ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жасалған.

Әрқайсысы халқымыздың өткенінен сыр шертіп, таным-түсінігінен мол мағлұмат береді. Мәселен, құс тұмсығына ұқсас жүзік - бақыттың символы және жаңа өмірдің бастауы деп танылған. Ал білезікті әйел адамдар сәндік үшін ғана тақпаған. Оны жамандықтан қорғайтын бұйым деп санапты. Нағыз өнер туындылары осыған дейін жеке тұлғаның қолында сақталып келген. Атырау облыстық музейіне өткізілген аса құнды жәдігерлерді енді мұражайға келушілердің барлығы тамашалай алады. Сол арқылы қазақ халқының салт-дәстүрі мен наным сенімі жайлы білімін жетілдіруіне болады.

Рашида Харипова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

- Жалпы музейдің қолында бұған дейін тарихи құндылықтар өте көп болатын зергерлік бұйымдар. Ал бүгінгі күні музейдің қоры 100-ден астам бұйыммен толықты. Бұл тек ғана Атырау өңірі, Батыс Қазақстандікі ғана емес, барлық Қазақстан бойынша оңтүстік, солтүстік, батыс,шығыстың зергерлік бұйымдарымен толықты. Бұл бізге жалпы зергерлік өнердің қалай дамығандығын кеңінен ансихаттауға көп көмегін тигізетін болады.

Хабар 24 телеарнасы