378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген Қытайда үздік артист атанды

  • 177
  • UPD: 22:37, 26.12.2019
Димаш Құдайберген Қытайда үздік артист атанды

Әнші Димаш Құдайберген Қытайдың «Internet Bull Ears Аwards 2019» жүлдесін жеңіп алды.

«Internet Bull Ears awards-2019. Қытай. Бейжің. Қытай жүлдесі үшін көп рахмет. Жылдың үздік әртісі марапатын алу – үлкен ғанибет. Барлық жанкүйерлеріме, ұйымдастырушыларыма және қытайлық командама алғыс айтамын», - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Сонымен қатар Димаш Қытай телекөрермендері үшін жаңажылдық бағдарламаның түсіріліміне қатысты. Бұған дейін Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың үздік әншісі» атанған болатын.

Айта кету керек, Димаш Құдайберген итальян фэнтези жанрындағы фильмінің саундтрек әнін шырқайды. Туынды 2020 жылдың наурыз айында жарыққа шығады.

Хабар 24 телеарнасы