424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жас әнші Нью-Йоркте Карнеги-Холлда өнер көрсетті

  • 533
  • UPD: 23:48, 26.12.2019

Қазақстандық жас әнші Аделина Мұхаметжанова Нью-Йоркте атақты Карнеги-Холлда өнер көрсетіп, америка жұртшылығын тәнті етті.

12 жастағы отандасымызға  «Американ Протежэ Интернешнл Вокал Компетишн» Халықаралық байқауының жеңімпазы ретінде осы саханада ән салу бақыты бұйырған екен. Жеткіншек бұған дейін де халықаралық фестивальдердің жүлдегері атанған. Мәселен, Санкт-Петербургте өткен байқауда Ваганов атындағы Орыс балеті академиясының ректорынан арнайы жүлде алған болатын. Италияның Сан-Ремо қаласында ұйымдастырылған халықаралық байқаудың лауреаты атанған. Ал былтыр Қазақ филармониясының сахнасында өткен «Сопранолар шеруіне» Аделина ең жас әнші ретінде қатысты. Енді отандасымыз келесі академиялық вокал байқауына дайындыққа кіріседі. Бұл шара 2020 жылдың наурызында Италияда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы