417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құрманғазы күйлері Еуропа төрінде күмбірледі

  • 781
  • UPD: 08:07, 27.12.2019
Құрманғазы күйлері Еуропа төрінде күмбірледі

Маңғыстаулық өнерпаздар Еуропаны аралап, қазақтың ұлттық өнерін насихаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ақжарма» фольклорлы ансамблі мен «Жорға» халықтық би ансамблдері Венгрия, Хорватия, Босния және Сербия мемлекеттерінде 6 бірдей концерт қойды. Алғашқы ән кеші Будапештте өтті. Маңғыстаулық өнер ұжымдары концертті «Сыңсу» биімен ашып, қыз ұзатуларда айтылатын қазақтың дәстүрін көрсетті. Сонымен қатар Шолпы, Хорезм билері сахналанды. Еуропа төрінде Құрманғазының «Балбырауыны» мен «Адайы» күмбірледі. Төрт мемлекеттің өнер сүйер қауымы Мұрат Өскімбаев атындағы облыстық филармония ұжымының өнеріне жоғары бағасын берді. Барлық концерт аншлагпен өткен.

Серік Сариев, «Жорға» би ансамблінің жетекшісі:

– Бұл – халықаралық деңгейдегі жоба. Өйткені мұны ұйымдастырушы түркі мәдениетін дәріптейтін, түркітілдес мемлекеттерін жинастыратын «ТҮРІКСОЙ» халықаралық ұйымының жобасы болатын. Биылғы жобаға Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғызстанның әртістері қатысты. Біз Маңғыстау облысы Қазақстанның атынан қатыстық.

Хабар 24 телеарнасы