428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда барлық мәдени шара кейінге шегерілген

  • 517
  • UPD: 16:03, 28.12.2019

Ақтау қаласындағы барлық мәдени ошақтың есігі жабық тұр. Мемлекеттік тулар төмен түсірілген. Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында спектакльдер болмайды.

Сондай-ақ билеттері бірнеше күн бұрын сатылып кеткен Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармония ұжымының концерті кейінге шегерілді. Ән кеші бүгін кешке жоспарланған болатын. Алайда бүкіл қазақ елінің қабырғасын қайыстырған апатқа әншілер де қайғырып, эстрада-симфониялық оркестрінің концерті басқа күнге ауыстырылды. 

Бекбол Базарбаев, М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония директоры:

- Кешегі ұшақтың апатына байланысты бүкіл ел болып қайғырып жатырмыз. Әншілеріміз бірге қайғырып, ортақтасып, бүгінгі концертті болдырмай, ертеңге ауыстырып, қуаныштымыз, халық шын көңілмен түсініп, бәріне телефон арқылы, онлайн арқылы бәрімен хабарластық. Бәрі бірге қайғыға ортақ екенін білдіріп, концертті ауыстырғанымызға қарсы болған жоқ. 28-29 күндері еді концерт. Біз 29 күні бір күнде екі рет қоятын болдық концертімізді.

Хабар 24 телеарнасы