433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық Азиядан келген Оңтүстік Кореядағы студенттер өз елінің мәдениетін насихаттап жүр

  • 705
  • UPD: 08:03, 30.12.2019

Оңтүстік Кореяда Қазақстанмен байланысты қоғамдық ұйым табысты еңбек етіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ол Орталық Азия студенттер қауымдастығы деп аталады. Ұжым бір жылдық жұмысын қорытындылап, Жаңа жыл мейрамын атап өтті.

Оларды ортақ мәдениет пен аймақ біріктірді. Өткен жылдың қыркүйегінде құрылған Орталық Азия студенттері қауымдастығының бүгінде бес жүзден астам мүшесі бар. Олардың қатарында өңір тұрғындарымен бірге Орталық Азия мәдениетін зерттейтін өзге он бес мемлекеттің азаматтары да бар.

Жанар Егісбекова, Қазақстанның CASA-дағы өкілі:

– Қазақстандық болсын, басқа Орта Азия елінен кез келген адам, студент болсын, тіпті бұл жақта жұмысшы болса да елін аңсайды. Осы іс-шараға келіп, біраз демалып, қаншама сыйлықтар алып, мұның өзі үлкен көмек, үлкен бір бақыт деп ойлаймын.

Әр елдің өкілдері өз өнерін көрсетті. Өзбекстаннан Малика Махмудова, Қырғызстаннан «Ай-Пери» ансамблі. Ал Қазақстан атынан Корея ұлттық өнер университетінің студенттері Аян Амангелдинов пен Күләш Тоқсанбаева қатысты. Магистратурадағы оқуын аяқтаған Күләш жақында Қазақстанға оралады.

Күләш Тоқсанбаева, Корея ұлттық өнер университетінің магистранты:

– Диссертация қорғадым және де өзімнің дипломдық жұмысымды өте жақсы қорғап шықтым. Екі жыл арасында осы қазіргі заман биін толық меңгеріп, мұғалімдер білімдерін берді. Би әлемінде Қазақстанға үлесімді қосқым келеді.

Қауымдастық мүшелері отандастарға көмектесіп, ортақ мерекелерді бірге атап өтеді. Олардың келесі іс-шарасы көктемге жоспарланған. Студенттер Корея және басқа елдер тұрғындарын Наурыз мейрамымен таныстырады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы