378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасы көрермендерге ерекше мерекелік бағдарлама әзірледі

  • 238
  • UPD: 22:57, 30.12.2019

«Армандар орындалады». Осындай атаумен «Хабар» агенттігі және елорда әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы концерт ұйымдастырды.

Кеште бір бүлдіршіннің тілегі орындалады.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Бұл – тоғыз жасар Мұхамедқафия есімді бала. Қостанайдың тұрғыны. Эстрада әншілерінің концертін тамашалағысы келетінін жазып, желтоқсанның басында Аяз атаға хат жолдаған. 

Мейрамбек Үркімбаев, Қостанай қаласының тұрғыны:

- Балам қазақ эстрадаларының әншілерін тыңдайды. Бір күні балама: «сол әншілердің концертін көргің келе ме» дедім. «Ия, барғым келеді, көргім келеді» деді. Сосын осыдан ой туып, осы хат жазып, баламның арманы орындалып, Қостанайдан Нұр-Сұлтанға келіп қалдық.

Тілегі орындалған Мұхамедқанафия қызыл кілеммен жүріп өтіп, Айқын Төлепберген, Алтынай Жорабаева, Жанар Айжанова, Ерке Есмахан, Төреғали Төреәлі, Рахымжан Жақайым, ағайынды Жүгінісовтермен кездесті. Суретке түсті.

Арайлым Рахым, қалалық әкімдіктің мемлекеттік академиялық филармониясы бөлімінің көркемдік жетекшісі:

- «Армандар орындалады» деп, осы кеште сол баламызды осы жерге алғыздық. Сол баланың арманын орындағамыз келіп тұр. Ерекшелігі сонда болады.

«Хабар» агенттігі мен елорда әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы мұрындық болған концертте өнарпаздар ән айтып қана қоймайды. Түрлі қойылымдарға да қатысады.

Жанар Айжанова, әнші:

Мен онда бір кастингтің директоры ретінде таланттарды таңдап отырамын. Қойылымдар болады. Жай ғана әншілер айтпайды. Бір әнші мен екінші әншінің арасында, әр әннің арасында соның тақырыбына байланысты бір-бірімен ұштасып, диалогтар болады.

Эстраданың белді өкілдерінің қатысуымен өткен жаңажылдық концерттің толық нұсқасы 2 қаңтар күні сағат 17-40-та «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы