379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасының жаңажылдық тартуы: «Төрлет, TORESH!»

  • 311
  • UPD: 22:58, 30.12.2019

«Хабар» арнасы биыл да дәстүрлі әдетінен жаңылмады. Өз көрермендеріне жаңажылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында арна мамандары түрлі бағдарламалар әзірлеген.

Оларды 31 желтоқсан күні тамашалай аласыз.

Жаңа жылдық кеште «Хабар» арнасының көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бағдарламаның бірі – «Төрлет, TORESH!» шоуы болмақ. Әр әні хитке айналған әншінің қатысуымен өтетін думанды кеш кешкі 20:00 бен 21:00 аралығында өтеді. Оны телеарнаның танымал жүргізуші Нұрсұлтан Құрман мен Нұрболхан Шарапов жүргізеді.

Нұрсұлтан Құрман, тележүргізуші:

- Дәл осы жобаның аясында көптеген өнерпаздарымыз, эстрада жұлдыздары ән шырқайды. Төреғалди Төрәлімен бірге дуэтте ән айтады. Сондай-ақ Төрештің өзінің де жеке су жаңа әндерін де көрермен тыңдап көрермен өзінің бағасын береді деп ойламын.

Бір сағатқа созылатын әуезді бағдарламада Төреғали Төрелінің ең таңдаулы он шақты ән шырқалады. Соның ішінде қалың көрерменге алғаш рет жол тартатын жаңа туындылар да бар. Бұл кеште Төреғали мен Диана Исмаилдың дуэтін де тыңдауға мүмкіндік аласыз

Төреғали Төреәлі, әнші

2020 жылы сахнада жүргеніме Алла қаласа, 10 жыл болады екен. «Хабар» арнасы ұйымдастырып отырған барлық қазаққа, қаймана қазаққа тарту деп есептеу керек. Сыйлық деп қабылдау керек деп ойламын. Бұл таза шынайы әппақ адал жүрекпен, мұнтаздай таза көңілмен шын жүректен сіздер үшін.

Жаңа жыл күні «Хабар» арнасында «Төрлет, TORESH!» жобасымен қатар бірнеше жаңа бағдарлама көрсетіледі. Яғни, көрер қызық көп. Сондықтан «Хабар» қосулы болсын.

Талғатбек Әбдіқожа, Жандос Битабаров 

 

Хабар 24 телеарнасы