377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея Абай шығармаларын зерттемек

  • 214
  • UPD: 21:49, 31.12.2019

Оңтүстік Корея алдағы жылы Абай шығармашылығын зерттеуге ден қоймақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ ақынның туындыларын осы елдің Еуразия түркология зерттеулер институты корей тіліне аударады. Бұл зерттеу ұйымы үш жыл бұрын Дондок университетінің жанынан ашылған. Осында түрік және Әзербайжан жазушыларының шығармалары аударылыпты. Институт директоры О Ын Гённің айтуынша, Корея келесі жылы Абайға арналған әдеби симпозиум өткізбек. 

О Ын Гён, Еуразия түркітану зерттеулері институтының директоры:

– Абай шығармалары кәрістер үшін түсінікті болады деп ойлаймын, өйткені Корея да қиын отарлау кезеңдерді басынан өткерді. Еліміздің тұрғындары ұлттық рух сезімімен, халықтық қозғалыспен, рухани мәдениетін сақтауға бағытталған әрекеттермен таныс. Бұл Абай шығармаларында жазылған. Қазақ ақыны мен ағартушысының шығармалары қазақтар мен кәрістерді рухани біріктірудің құнды көпірі болады деп ойлаймын. Шығармаларды аудару оңай шаруа емес, бірақ кітап шығару одан да қиын. Егер Қазақстан қорлары бізге қолдау көрсетсе, онда міндетіміз жеңіл болар еді.

Хабар 24 телеарнасы