380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада мәдениет үйі қолданысқа берілді

  • 207
  • UPD: 19:05, 01.01.2020
Қызылордада мәдениет үйі қолданысқа берілді

Қызылордада «Атамекен» балалар ауылының екі тәрбиеленушісі баспаналы болды.

Сосын облыс орталығындағы қарттар үйіне шағын автобус берілді. Жаңа жыл қарсаңында қала іргесіндегі Ақжарма ауылы тұрғындарының да басты арманы орындалды. Бұл елді мекенде мәдениет үйі ашылды. Мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында салынған ғимаратта мәдени шаралар өткізумен қатар, үйірмелер үшін барлық жағдай жасалған. Бұған дейін ауыл мектебінде жаттығып жүрген өрендер түрлі облыстық, республикалық байқауларда топ жарған. Енді жаңа ғимаратта қарым-қабілеттерін одан сайын шыңдауға мүмкіндік алып отыр.  

Айман Бәйімбетова, мәдениет үйінің директоры:

- Ашылып жатқан мәдениет үйімізде біздің дайындалуымызға да, іс-шара өткізуімізге де бәрі ыңғайлы болып тұр. Көрермен залы 150 орынды, әдістемелік бөлме бар, үлкен үйірме залын беріп отыр. Осы 6 үйірме осы жерде жұмыс жасап, балаларды үйретеміз.

Хабар 24 телеарнасы