423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Алтын Орданың 750 жылдығына арналған кітап көрмесі өтіп жатыр

  • 1244
  • UPD: 15:14, 04.01.2020
Елордада Алтын Орданың 750 жылдығына арналған кітап көрмесі өтіп жатыр

Елордада Алтын Орданың 750, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 және Абайдың 175 жылдық меретойына арналған кітап көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық академиялық кітапханада оқырмандар назарына аталған тақырыптар бойынша жүздеген жинақ ұсынылды. Мәселен, «Айбынды Алтын Орда» көрмесінде мемлекеттің құрылған кезеңінен бастап күйреуіне дейінгі кезеңді қамтитын 160-қа жуық кітап, фотосурет, карта және дәйексөз қойылған. Әйгілі ойшыл әл-Фарабидің тағдыры арқау болған шығармалар 5 бөлімге топтастырылған. Ал, қазақтың бас ақынына арналған «Абай тағылымы» атты кітап көрмесі 8 бөлімнен тұрады.

Хабар 24 телеарнасы