424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық ару Оңтүстік Кореяда өткен сұлулық байқауында ТОП-5 кірді

  • 679
  • UPD: 15:40, 05.01.2020
Қазақстандық ару Оңтүстік Кореяда өткен сұлулық байқауында ТОП-5 кірді

Бұл туралы Елорда Инфо Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Қарағандыдан барған жас модель Айсұлу Ерболова Оңтүстік Кореядағы Miss World University 2019 сұлулық байқауында Қазақстанды алғаш рет таныстырды.

17 жастағы бойжеткен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқиды. Бұрын Айсұлу «Мисс Қарағанды» сұлулық байқауына қатысқан.

Сайыс бірнеше кезеңнен өтіп, жеңімпаз атағына ие болу үшін әлемнің 50 елінен келген сұлу қыздар сайысқа түсті.

Халықаралық байқауға қатысушылар қашықтықтан кастинг арқылы іріктелді. Үміткерлер өздерінің фотосуреттері мен бейнероликтерін Оңтүстік Кореяға жіберді.

Айсұлу өзінің таныстыру бейнеролигін Қарағандыда түсірді. Бойжеткен онда өзінің әуестіктері мен хоббиі туралы айтып берді. Студент бимен және атқа мінумен айналысады, суретке түсіруді ұнатады.

Байқауда қарағандылық қыз ТОП-10, одан кейін ТОП-5 финалистер қатарына ілікті. Айсұлу қазылар алқасының алдына ұлттық киім киіп шығып, Miss National номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.

Мисс сыйлықтар мен сертификаттар алды. Ал бас жүлде Оңтүстік Кореяда тегін оқу болды.

Хабар 24 телеарнасы