380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Бекхожин: «Topjarǵan» байқауының жеңімпазына үлкен жауапкершілік артылады

  • 222
  • UPD: 22:49, 05.01.2020

«Topjarǵan» ән байқауының екінші кезеңі қорытындыланды. Биыл жобаның ауқымы кеңейген.

Ресей, Қырғызстан, грузиялық өнерпаздар қазақ сахнасында өнер көрсетіп, бақтарын сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Финалда кімнің мерейі үстем болды?

Биылғы «Topjarǵan» былтырғыдан өзгерек. Қатысушылардың барлығы үлкен-үлкен байқаулардың жеңімпаздары. Халықаралық деңгейдегі жобаның төрт финалисі бүгін анықталды. Олар Сангина Шәріпова, Кенжебек Нұрдолдаев, Мәди Сыздықов және қырғызстандық әнші Салтанат Аширова.

Көрермен көзайымына айналған жобада Мәди Сыздықовтың бағы жанды. Абай өлеңдерін бойтұмар ретінде ұстанатын өнерпаз қазылар алқасын тәнті етуден жалықпаған. Міне, ақтық сында туған жеріне арнаған төл туындысының тұсауын кесті.

Ал, жеңімпазға «Хабар» агенттігі айрықша тарту әзірледі.

Мәди Сыздықов, «Topjarǵan» байқауының жеңімпазы:

- Қытайда үлкен ірі жоба болайын деп тұр. Соған жолдама алдым. Ол мен үшін үлкен мәртебе. Қазақ халқының намысын жібермеуге тырысамын. Бәрі өз қолымда.

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұл – Азия-Тынық мұхиты елдерінің ең үздік әншілері өнер көрсететін бәйге. Ауқымы кең. Демек, «Topjarǵan» байқауының жеңімпазына үлкен жауапкершілік артылады. «Хабар» агенттігінің көрерменіне дайындаған кезекті тартуын күтіңіздер.

Роза Рымбаева, Дастан Оразбеков және Баллердің әділ әрі қатал қазылығы, осылайша, қазақ сахнасындағы жаңа есімдердің жұлдызын жақты.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы