419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек – Мемлекет басшысы

  • 1139
  • UPD: 15:38, 09.01.2020

Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы деді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жарық көрген мақалада. 

«Мен көп жылғы дипломатиялық қызметімде басқа елдердің саясаткерлерімен, түрлі сала мамандарымен жиі кездестім. Шетелдіктермен адамзатқа ортақ көптеген түйткілді мәселелер туралы пікір алмасып, ой бөлістім. Жалпы олар Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктері жөнінде жақсы біледі. Ал рухани және мәдени құндылықтарымызбен жете таныс емес. Осы орайда «неге қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін Абай арқылы танытпаймыз?» деген сұрақ туындайды.

Хабар 24 телеарнасы