419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абай – ұлтымыздың рухани темірқазығы – тіл маманы

  • 1079
  • UPD: 16:46, 09.01.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласы ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде атап өтудің тұжырымдамалық негізі іспетті.

Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов. Абайдың  әлеуметтік, рухани тұжырымдары қазақ үшін қашанда адастырмайтын темірқазық дейді қаламгер. 

Кенжехан Матыжанов, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры:

 - Бірің дос, көрмесең істің бәрі бос дейтін Абай, ең алдымен осы бірлік, осы тұтастық, осы ынтымақ алдыменен қазақтың өзінің ішінде болуы керек, содан кейін барып біз сол арқылы адамзатты сүйетіндей адамзатты бауырым деп бауырымызға тартатындай биік дәрежедегі интеллектуалды халық болып қалыптасуымыз керек деген дүниені президент өзінің мақаласында осы дүниеге ерекше мән беріп айтқан.

Хабар 24 телеарнасы