380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әдебиет және өнер саласындағы шығармаларға Абай атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі

  • 530
  • UPD: 15:36, 09.01.2020
Әдебиет және өнер саласындағы шығармаларға Абай атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі

Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатын болады. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Егемен Қазақстан газетінде жарық көрген мақаласында мәлімдеді. Оның айтуынша, ақын тойына байланысты республикалық және халықаралық деңгейде театр мен музыка фестивальдері өтеді. Биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады. Шығыс Қазақстан облысының Ақшоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскенбайұлы әулетінің қорымы абаттандырылады. Бұған қоса Президент Жидебайда «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салу қажеттігін алға тартты.

Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық. Осыған орай шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкіметке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын.

Хабар 24 телеарнасы