376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда Абайға арналған көрме өтті

  • 173
Қарағандыда Абайға арналған көрме өтті

Қарағандыдағы бейнелеу өнері музейінде «Дана Абай, дара Абай» көрмесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлы ойшылдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған танымдық шараға бірнеше мектептің оқушылары қатысты. Көрмеге һакім Абайдың 40-қа жуық портреті қойылған. Қыл қалам шеберлері қазақтың бас ақынын әр қырынан көрсетуге, оның тұлғалық сипатын ашуға тырысқан. Бұл туындылардың барлығы мұражай қорынан алынып отыр. Ал музей басшылығы алдағы уақытта суретшілерге Абай тақырыбындағы өзге де тың дүнеиелерді салуға тапсырыс беретіндерін айтады. Көрме қаңтардың 20-на дейін жалғасады. Дегенмен Абайтану шаралары мұнымен шектелмейді.

Назерке Жарқын, облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері:

– Келесі аптадан бастап музей сабақтарының циклын бастаймыз. Яғни музей сабақтары дегеніміз, мектеп оқушылары мен студенттерге арналған Абайды тануға, шығармашылығымен танысуға, жалпы Абайдың тұлғалық сипатын ашуға арналған сабақтар болып табылады. Бес-алты сабақтан күнделікті өткізіп отырамыз және бұл іс-шара жылдың соңына дейін жалғасын табатын болады.

Хабар 24 телеарнасы