376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғабит Тұяқбаев: Президент мақаласында Абайды жаңаша танудың үлгісі көрсетіліп отыр

  • 97
  • UPD: 19:08, 11.01.2020

Абай шығармашылығы зерттеусіз қалған жоқ. Ғасырдан астам уақыт бойы жүздеген зерттеулер, мыңдаған мақалалар жазылды.

Ал Президент мақаласында Абайды жаңаша танудың, жаңаша зерделеудің, жаңаша түсінудің үлгісі көрсетіліп отыр.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғабит Тұяқбаев осындай пікір білдірді. Ол ақын мерейтойы аясында «Абай шығармаларын әлемнің он тіліне аудару мәселесі қазақ ақынын әлемге мойындататын басты және шешуші қадам екені рас. Сондықтан қоғамға ой салар бұл мақаланы әр ұжым, әр білім мекемесі талдап, ой елегінен өткізсе», - дейді.

Ғабит Тұяқбаев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент:

- Біріншіден, біз осы уақытқа дейін Абайды өзінің өмір сүрген XIX ғасырдағы қоғамның аясында зерттеп, зерделеп келетін болсақ, Президент Абайды бүгінгі қоғам деңгейінен қарайды. Соған байланысты өзінің ой-пікірлерін білдіреді. Бұл әрине, бүгінгі қазақ үшін Абайды жаңаша түсінудің, жаңаша танудың, жаңаша бағалаудың бір үлкен жолы деп айтуымызға болады.

Хабар 24 телеарнасы