378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақтың бірегей тұлғаларына елордада ескерткіш орнатуға байқау жарияланды

  • 261
  • UPD: 12:01, 14.01.2020
Қазақтың бірегей тұлғаларына елордада ескерткіш орнатуға байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласында орнатылатын ескерткіштердің үздік жобаларына байқау жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы мына ескерткіштердің ең үздік жобаларына конкурс өткізілетінін хабарлайды:

  1. Нұр-Сұлтан қаласында орналасатын әлемге әйгілі ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіші;
  2. Нұр-Сұлтан қаласында орналасатын көрнекті ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші;
  3. Нұр-Сұлтан қаласында орналасатын мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің ескерткіші;
  4. Нұр-Сұлтан қаласында орналасатын мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың ескерткіші;
  5. Нұр-Сұлтан қаласында орналасатын авиация генерал-майоры, Кеңес одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткіші.

Конкурсқа көркемдік-өндірістік шеберханалар, заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. Конкурстың ережесін «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Бейбітшілік көшесі 11, №751 каб., тел. 8 (7172) 556-777, 556-769, е-mail: а.kalybaev@astana.kz алуға болады.

Ескерткіштердің жобаларын және құжаттарын қабылдаудың соңғы күні 2020 жылғы 30 қаңтардың 18:00-ге дейін.

Хабар 24 телеарнасы