380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Біз елдік мүддеге қатысты әрбір ісімізде Абайдың еңбектеріне жүгінуіміз керек – ҚР Президенті

  • 131
  • UPD: 12:04, 15.01.2020
Біз елдік мүддеге қатысты әрбір ісімізде Абайдың еңбектеріне жүгінуіміз керек – ҚР Президенті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервіне өткен азаматтармен кездесу өткізіп жатыр.

Қазақстан Президенті кездесу барысында елдік мүддеге қатысты істерде Абайдың өлеңдеріне жүгінуіміз қажеттігін айтты.

«Абайдың «Толық адам» тұжырымы өміріміздің кез келген саласында, мемлекетті басқару мен білім жүйесінде, бизнес пен отбасы институттарында негізгі тұғырға айналуы керек. Мұның бәрі интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін қажет. Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы деуге болады. Біз елдік мүддеге қатысты әрбір ісімізде ұлы ақынның еңбектеріне жүгінуіміз керек. Бұл – жаңғыру жолындағы аса маңызды қадам. Халқымыз, әсіресе, жас буын Абайдың сара жолын жалғауға баса мән беруі тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы