376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжандық абайтанушы мамандар ұлы ақынның мерейтойына дайындалуда

  • 114
  • UPD: 23:12, 15.01.2020

 

Баку мемлекеттік университетіндегі Абай Құнанбайұлы атындағы Қазақ мәдени орталығы осыған орай бірқатар шара өткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баку университеті түркітанушыларының пікірінше, Абайдың мерейтойы ұлы ақын шығармашылығы зерттеулерінің ауқымын кеңейтпек. Осы білім ордасының ғалымдары Абай туындыларына арнап, бірнеше кітап пен көптеген мақала жариялады.

Рамиз Аскер, БМУ түркітану кафедрасының меңгерушісі:

– Қазақ поэзиясына арналған жеке сабақтар өткіземіз. Қазақтың бай әдебиетін зерттеп, бұл жөнінде кітаптар шығарамыз. Абайдың 175-жылдығына арналған конференциялар өткізу жоспарымызда бар. Кейін Абай шығармашылығы жөнінде ғалымдарымыздың баяндамаларын жеке кітап түрінде басып шығарамыз.

Зерттеушілер Абай туындыларын қазақ тілінен тікелей аударуға үлкен көңіл бөліп келеді. Бұл ұлы ақынымыздың ойын терең түсінуге мүмкіндік береді. «Абайдың шығармашылық жолы», «Абай тұлғасы мен мұрасы», «Абай және Әзербайжан» атты кітаптардың авторы Фируза Агаева биылғы жылды ұлы ақын жылы ретінде жариялаудың маңызын атап өтті. 

Фируза Агаева, профессор:

– Әзербайжанда да Абайды қадір тұтады. Біз студенттерімізге Абай шығармашылығының бүкіл тұстарын жеткізуге тырысамыз. 19-ғасырдағы Қазақстан ағартушылары бойынша бағдарламада негізінен Абай туындылары мен оның көзқарасына екпін жасаймыз.

Абайдың мұрасын зерттеуде қазақ мәдени орталығы атқаратын жұмысының маңызы зор. Орталық ақын туындыларының бірнеше жинағын басып шығарды.

Фатима Дурсунова, Абай Құнанбайұлы атындағы қазақ мәдени орталығының басшысы:

– Бұл орталық Баку мемлекеттік университеті мен Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің бастамасымен 2011 жылдың мамыр айында құрылды. Осы уақытта көптеген жұмыс атқарылды. Ең басты еңбегіміз – Абай шығармаларын әзербайжан тіліне аудару. 2017 жылы ақынның «Қара сөздері» тәржімаланған болатын. Сондай-ақ бүгінгі күні әзербайжан тіліне аударылған Абайдың барлық шығармаларын бір жинаққа қостық.

Бұл жинаққа ұлы ақынның жүзден аса өлеңі, үш поэмасы мен қара сөздері кірді. Орталықта қазақ мәдениеті мен әдебиетіне арналған кештер үнемі өткізіліп келеді. Биыл Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын әзербайжан тілінде басып шығарып, «Масғұт» поэмасының арқауы бойынша спектакль қою жоспарланған.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы