380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕҰУ Жазушылар одағының филиалына тарту жасады

  • 122
  • UPD: 12:14, 16.01.2020
ЕҰУ Жазушылар одағының филиалына тарту жасады

Жазушылар одағының елордадағы бөлімшесі қаламгерлерге қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуразия ұлттық университетінің басшылығы одақтың жаңа ғимаратына кітаптар мен кеңсе заттарын тарту етті. Өткен жылдың аяғында ашылған филиал күрделі жөндеуден өтті. Қазір мекеменің жеке мәжіліс залы, кітапханасы мен шығармашылықпен айналысатын орны да бар. Абайдың 175 жылдығына орай тұспа-тұс келген қуаныш қалам ұстаған қауымның еңсесін бір көтеріп тастады. Осы күні Жазушылар одағының елордадағы бөлімшесінде 150-ге жуық қаламгер тіркелген.

Ерлан Сыдықов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры:

- Бізде 27 ғалымымыз Жазушылар одағының мүшесі болып есептелінеді. Міне, келе отырып жай ғана емес, бұл ғимараттың кішкене көркемдігіне, мазмұнына үлес қосу мақсатында өз туындыларымызды ала келдік, сый-сияпатымызды ала келдік. Өйткені бұл жер шығармашылық топтың, ғалымдар мен жазушы-ақындардың бас қосатын жері болып есептелінеді.

Хабар 24 телеарнасы