418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абайдың әдеби мұрасы Еуропада насихатталады

  • 512
  • UPD: 22:19, 16.01.2020
Абайдың әдеби мұрасы Еуропада насихатталады

Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Абай» әдеби орталығы ашылды. Енді кез келген оқырман осы орталыққа барып, ақынның шығармашылығымен кеңінен таныса алады.

Кітапханада Абай Құнанбайұлының мол мұрасы мен шығармашылығына байланысты он мыңнан астам дерек бар. Данышпан ақынның өмір жолына арналған 40-тан астам кандидаттық диссертация сақталған. Кітаптардың ең құндысы 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған шығармалар жинағы. Ақынның еңбектері әлем халықтарының 31 тіліне аударылған. Алдағы уақытта Ұлттық кітапхана Чехия, Венгрия, Германия, Словения, Ирландия секілді елдерде кітап көрмесін өткізіп, еуропалық оқырманды Абай әлемімен таныстырмақ ниетте. Орталықтың ашылу салтанатына жиылған ақын-жазушылар Абай мұрасы туралы ой-толғамдарымен бөлісті.  

Смағұл Елубай, жазушы:

- Ең біріншіден, тілі бүтін, діні бүтін, тарихи санасы бүтін және текқана еңбекке ғана жалынатын содан кейін ғылымға бой ұратын, сөйтіп әлем халықтарымен терезесі тең болатын, адам баласына, аллаға тек махаббатпен қарайтын қазақ болашағын армандап өтті.

Болат Жүнісбекұлы, ҚР ұлттық кітапхананың ғылыми хатшысы:

- Бір ғана оқып, Абай ұлы, Абай философ деп айту оңайдың оңайы. Олай емес. Абай әрбір адамға, тіпті біздің бүкіл халқымызға мың жылдық азық деп айтуымыз керек. Абайды оқиық.

Хабар 24 телеарнасы