377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық магистрант Абайдың қара сөздерін жатқа біледі

  • 150
  • UPD: 22:02, 17.01.2020

Сіз Хәкім Абайдың қанша өлеңін яки қара сөзін жатқа айта аласыз? «Ондай болмақ қайда» демеңіз.

Данышпан ақынның еңбектерін күн ұзаққа айтатындар бар. Елордада. Бас қалада білім алып жүрген бір жас Абай Құнанбайұлының қара сөздерін түгел жаттаған.

Жасынан ақынның шығармашылығына терең бойлаған студентпен әріптесім  «Хабар 24» тілшісі кездесті. 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Абай Құнанбайұлының қара сөздерін жатқа білетін Дәулет Жәлел есімді азамат осы. Ендеше, қазір Дәулетті тексеріп көрелік. Айтыңызшы, ұлы ақын қара бірінші қарра сөзінде не деген?

Дәулет Жәлел, студент:

- Абай атамыз бірінші қара сөзінде «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бір талай өмірімізді өткіздік. Жұлыстық, тартыстық, әурешілікті көре-көре келдік. Енді өмірдің баянсызын, байлаусызын сездік. Енді қалған өмірімді қайтіп, қалай өткіземін? Оны білмей қайранмын.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Ал, 31-ші қара сөзінде Абай атамыз не айтқан?

Дәулет Жәлел, студент:

- Естіген сөзді ұмытпастыққа 4 түрлі себеп керек. Әуелі көкірегі байлауды берік болмақ керек. Екінші сол сөзді естігенде ғибратләну керек. Ойланып, тұшынып, ынтамен оқу керек

«Қара сөзді» бойына әбден сіңірген кейіпкеріміз елордадағы жоғары оқу орнында филология бөлімінде оқиды. Магистрант. Хакім Абайдың шығармашылығына бала кезден ынтық. Қара сөздерін 5-сыныптан бастап жаттапты. Ақын сөзі өмірлік бағдарына айналған.

 Дәулет Жәлел, студент:

- Әр қазақ өзінің өткеніне қарайлап, болашағына бағыт-бағдар түзеді. Абайды оқу арқылы таңырқау керек. Абай атамыздың қара сөздерін өлеңдерін оқу арқылы ол өмірміздің бір формуласы екеніне көзімізді жеткіземіз.

Бұл ойды Мемлекет басшысы да айтып еді. Президент өз мақаласында Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздегенін жазды. Тіпті «интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады» деді.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы