427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим елордадағы тыңдармандарымен кездесті

  • 304
  • UPD: 23:48, 17.01.2020
Ержан Максим елордадағы тыңдармандарымен кездесті

Еуропадағы ән байқауында жүлдеге іліккен жерлесеміздің дәл осы №30 мектеп-гимназияға келуі бекер емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәрі құрлықтағы жарыс кезінде бұндағы оқушылар ерекше қолдау көрсеткен болатын. Яғни, арнайы ән орындап, бейнероликтер жіберіп отырды. Енді жас өрендер аз уақыт аралығында танымал болып үлгерген Ержанмен бірге ән шырқау мүмкіндігіне ие болды. Күннің суықтығына және сабақтардың болмайтынына қарамастан, кездесуге өте көп адам жиналды. Олардың арасында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар бар.

Хабар 24 телеарнасы