379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Абай жолы» романының радиосерияларын оқу тыңғылықты дайындықты талап етеді

  • 180
  • UPD: 09:34, 18.01.2020

Кемеңгер ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздері мен өлеңдерін, «Абай жолы» романын ұлт жадында  жаңғыртып, көпшілікке кеңінен насихаттауда телерадионың орыны бөлек. Мысалы, елімізге белгілі диктор Аманжан Еңсебаевтың дауысымен оқылған  роман радио тыңдармандарына жеткізіліп келеді. Ол ұлы тұлға туралы жазылған шығарманы оқу үшін көп уақыт дайындалыпты.

Эфирде диктор Аманжан Еңсебаев. Оның күмбірлеген қоңыр дауысы радиотыңдаушыларға жақсы таныс. Осыдан сегіз жыл бұрын қазақ радиосында  Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының радиосериялары беріле бастады. Күн сайын жарты сағат шығармадан үзінділер оқылды. Соның барлығы тыңдаушыға Аманжан Еңсебаевтың дауысымен жетті. Бұл елеулі еңбекті музыкамен көркемдеген Советхан Қоңырбаевтың да еңбегі зор. 

Аманжан Еңсебаев, қазақ радиосының дикторы:

- Мен шын айтайын жүрексіндім. Өйткені М. Әуезовтың «Абай жолын» бір дәуірді суреттеуі қазақтың ұлттық мінезін көрсету. Қазақтың бар болмысын суреттеу. Қазақ даласындағы оқиғаларды сол дәуір тынысымен бере білу, содан кейін Абай бейнесін сомдау оның ішінде қанша жүздеген кейіпкер бар. Ол тыңдаушының алдындағы жауапкершілік. Бұл әдебиет алдындағы үлкен менің мойнымдағы дүние болды.

Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін әр жылдары Кененбай Қожабеков, Кәукен Кенжетаев, Омархан Қалмырзаев, Әнуарбек Байжанбаев, Райымбек Сейітметов сынды өнер майталмандары оқыған. Аманжан Еңсебаев сол нұсқаларды тыңдап шығып, оқу мәнеріне тереңірек үңілдім, дейді. Олардың дауысы бүгінде алтын қорда сақтаулы. Романның толық аудиожазбасының жасалғаныбүгінде кейінгі ұрпақ өте қажет.  Дегенмен, мұнымен шектелмеу керек, дейді радио мамандары. 

Аманжан Еңсебаев, қазақ радиосының дикторы:

- Біз Абайды әлі танып болғамыз жоқ. Арнайы бағдарлама ашылуы керек. Ол бағдарлама Абайдың барлық жазғандарын, қара сөздерін, онда не айтайын деп отыр, ойының астарында не бар?

Радио ардагері Аманжан Еңсебаевтың дауысымен «Абай жолы» романының толық нұсқасы қазақ даласына кеңінен тарады. Әр жылдары жазылған ақынның қара сөздері де оқтын-оқтын беріліп тұрады. Үнтаспаға жазылған бұл туындылар әлі талай ұрпақтың құлағына жетіп, рухани құнды дүниелер болып қалары даусыз.

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы