376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда Абайға ескерткіш орнатылады

  • 143
  • UPD: 13:15, 20.01.2020
Талдықорғанда Абайға ескерткіш орнатылады

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Алматы облысында түрлі шаралар өтетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талдықорғанда ақынға ескерткіш орнатылса, Бикен Римова атындағы театр арнайы қойылым әзірлейді. Сонымен қатар түрлі танымдық кештер мен халықтық театрлар фестивалі ұйымдастырылады. «Абайға арнау» атты республикалық ақындар мүшайрасы да өтеді. Ал онда үздік деп танылған поэзиялық туындылар арнайы жинаққа енеді. Сондай-ақ биыл Әл-Фарабидің 1150, Алтын Орданың 750 жылдығы мен Орақты батырдың 600, Шоқан Уәлихановтың 185 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтіледі.

Мәрлен Көлбаев, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы:

– Қазір байқау жарияланды. Абайға ескерткіш қойылатын болады. Ескерткіш бекітілгеннен кейін орны да нақты бекітіледі. Қазір бірнеше жерді қарастырып жатырмыз. Ол енді ескерткішке байланысты болады.

Хабар 24 телеарнасы