376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген алдағы үш айда әлемнің 11 қаласында ән кешін өткізеді

  • 157
  • UPD: 15:37, 20.01.2020
Димаш Құдайберген алдағы үш айда әлемнің 11 қаласында ән кешін өткізеді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы үш айдың ішінде Еуропа елдерінде бірнеше концерт береді.

«Arnau tour концерттерінде көріскенше», - деп жазды Димаш Іnstagram парақшасында.

Айта кетсек, Димаш 16 ақпанда Ресейдің Краснодар қаласында, 20 ақпанда Қазан қаласында (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургте (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке ән кешін өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы