428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда Абайдың 175 жылдығына орай кітап көрмесі ашылды

  • 1402
  • UPD: 12:37, 21.01.2020

Таразда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай кітап көрмесі ашылды. Көрмеде ұлы ақынның өлең жинақтары, қара сөздері хикмет кітаптары қойылған.

Сондай ақ кемеңгердің өмір жолы, шығармаларына арналған ғалым-жазушылардың 80-нен астам зерттеулері мен еңбектері де бар. Көрме тұрақты түрде жұмыс істейді. Осы арқылы Абай туралы біліп, бай мұрасымен танысқысы келетін көпшілікке жағдай жасалмақ. Бүгін облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы шараның алғашқы жұмысын бастап,  оқырмандарға таныстырылды.  

Батырхан Бейсенбеков, оқушы:

- Мені қызықтырғаны ол өлең, сөзді өте анық жеткізе алады. Және оның қызыл тілді дейміз ғой. Ол өзінің өлеңдерінде астарлап, терең мағыналы ұғымдармен өзінің ойын жеткізе біледі. Сонысымен маған оның өзге ақындардан ерекшелігі ұнайды. 

Гүлфайруз Іңкәрбекова, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры:

- Абайдың шығармалары арқылы дұрыс тәрбие беруді мақсат тұтып отырмыз. Бұл көрме бір жыл бойы жұмыс істемек. Қорға түскен барлық жаңа басылымдар осы көрмеден орын таппақ. Сондықтан да «келемін, көремін Абайды зерттеймін тереңірек танимын» деген барлық оқырманға біз есігіміз ашық дейміз.

Хабар 24 телеарнасы