376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париж төрінде қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды

  • 152
  • UPD: 16:31, 22.01.2020

Париждегі галереяда қазақстандық жас суретші Марийка Ярославскаяның жеке көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті сарапшылар жерлесіміздің өнер жолындағы болашағы зор деген баға берді. Отандасымыздың өнері Францияның талғампаз жұртшылығын немен қызықтырғанын тілшіміз баяндасын.

Марийка Ярославская суреттерінде сұр түстің жүздеген реңкін қолданады. Арасында классикалық өнерден танымал туындылар бар. Леонардо да Винчи дәуіріне тән мәнері ескі өнерді қазіргі дәуірмен жалғаған көпір іспеттес.

Марийка Ярославская, суретші:

– Бұл – көне техниканың жаңа тақырыптармен үйлесімі. Мен ескі өнерді, бұрынғы шеберлерді қадір тұтамын, олардан шабыттанамын. Осыны сақтағым келеді, заманауи өнер түсініксіз бір абстракция болғанын қаламаймын.

Марийка өнердегі жолын Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда бастаған. Кейін ең үздік өнер университеттерінің бірінде білім алды. Шығармашылық шабыт іздеп, Луврға жиі келіп тұрады.

Эмманюэль де Монтейнар, коллекционер:

– Марийка туындыларында тарихи сілтемелер, готикалық мүсіндер, Микельанджелоға ұқсас бейнелерді табуға болады. Бірақ дарынды жаңашылдығы да бар, бұл бір түстің алуан түрлі реңктері мен көлемімен ойнауы. Оны түрлі техниканы қолданып келтіреді. Бұл – қазіргі өнерде сирек кездесетін дүние.

Зохра Ришар, галерея иесі:

– Көп еңбек етсе, ол табысқа жетеді, өйткені өнері өте қызық. Суреттерінде көз тартарлық таңғажайып бір дүние бар, мұны сөзбен жеткізе алмайсың.

Эрик Ариса, өнер саласының сарапшысы:

– Өнерінің ерекшелігі, осы суреттерінің нағыз шынайлығы деп ойлаймын. Өте үлкен әсер қалдырып, адамды ойландырып, толғандырады.

Марийка Ярославская өзінің алғашқы жеке көрмесімен коллекционерлердің назарын өз туындыларына ғана емес, Қазақстанның бүкіл өнеріне баулығысы келеді. Оның пікірінше, дарынды жерлестеріне Париж галереяларында әрқашанда да орын табылады.

Авторлары: Әлия Сыздықова, Руслан Өміржан

Хабар 24 телеарнасы