376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баку тұрғындары Абайдың 175 жылдығын қалай атап өтпек

  • 219
  • UPD: 17:13, 24.01.2020
Баку тұрғындары Абайдың 175 жылдығын қалай атап өтпек

Әзербайжан астанасындағы көшелердің бірі Абай есімімен аталғанына тоғыз жыл өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кең ауданды қамтыған осы көшенің тұрғындары ұлы ақынымыздың шығармашылығымен жақсы таныс. Абайдың мерейтойы атап өтілетін жылы бұл көше ерекше назарға бөленіп отыр.

Бұл – аудандағы ең ұзын көше. Ол бауырлас екі халық арасындағы достықтың белгісіне айналды. Ұлы ақынымыздың есімі барлық тұрғындарға жақсы таныс.  

Хагигат Кадирова, Баку қаласының тұрғыны:

– Өте жайластырылған көше. Жұмысым осы көшеде орналасқан. Абай Құнайбайұлы - қазақтың белгілі ақыны. Көше кімнің есімімен аталғанын мұнда бәрі біледі.

Кямаля Шюкурова, Баку қаласының тұрғыны:

– Осы көшеде тұрып жатқаныма көп жыл болды. Университетте оқып жүрген кезден бастап Абай Құнайбайұлы қазақ әдебиетшісі екенін білемін. Көшелердің көбісі жергілікті ақындар мен белгілі тұлғалардың есімдерімен аталған. Ал біздің көшеміз бұл жағынан ерекшеленіп тұр. Мұнда жаңа үйлер салынып, жаңа тұрғындар көшіп келді. Тақтадағы ақпараттың арқасында жастарымыз да Абайды біледі.

Өзге түркітілдес елдердегідей Әзербайжанда да Абайдың 175 жылдығына қызу дайындық жүріп жатыр. Осыған орай конференциялар мен шығармашылық кештер өткізу, кітаптар мен мақалалар басып шығару көзделген. Бұл шаралардың бірін Абай атындағы көшеде өткізу жоспарда бар.

Фируза Агаева, абайтанушы маман:

– Бұл көшеде шара ұйымдастыру ойымызда бар. Осы ауданның тұрғындарына қызық болар деп санаймын. Бұл – жұртымызды бауырлас қазақ халқының ұлы ақынының шығармашылығымен жақынырақ таныстырудың жақсы мүмкіндігі. 

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы