423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Райымқұлова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

  • 595
  • UPD: 19:05, 25.01.2020
А.Райымқұлова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту үшін 83 тармақтан тұратын ұлттық жоспар бекітілді. Құжатқа сәйкес биыл 500-ден астам шара өтеді.

Президент тапсырғандай ысырапшылдыққа жол берілмейді. Мұны Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесуі кезінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Жиынға қатысушылар түрлі ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мәселен, әуесқой спортты дамыту үшін қала, ауылдарда арнайы алаңдар салу қажет. Сосын латын әліпбиіне көшу, мәдени нысандарды жаңғырту бағытында бірқатар мәселе көтерілді. 

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Ұсыныстарды талқылауды біз 2019 жылдың 12 қазанында бастадық. Сол отырыстағы сіздердің ұсыныстарыңызды ескере отырып, қазіргі таңда министрлік және министрлікке бағынышты ұйымдар біршама жұмыстарды жасап жатыр. Министрлік жанындағы мәдени саясат жөніндегі кеңес және рухани көшбасшылары пулы құрылып, жұмыстардың бастауы болып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы