426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Nur Otan партиясы Абай тойына дайындықты бақылауға алды

  • 725
Nur Otan партиясы Абай тойына дайындықты бақылауға алды

Еліміздің шығысында Абай тойына дайындық қызу.

Облыстық Nur Otan партиясының бақылау комиссиясы сол әзірлік барысын қатаң бақылауына алды. Комиссия мүшелері Абай ауданындағы бірнеше нысанды аралап көрді. Қарауыл ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы, Жидебайдағы жарық пен ауыз су тарту жобалары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр екен. Құнанбай қажы әулетінің қорымындағы абаттандыру жұмыстары да жүйелі жүргізілген. Әлі де шешімін күткен әлеуметтік мәселелер бар. Оларды шешу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлу жайы қарастырылмақ.

Мұхтар Төлеген, Nur Otan партиясы ШҚО филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

– Бұл жол жөндеу жұмыстары тек қана осы Жидебай, Қарауылды ғана қамтымауы тиіс. Абай ауданы мен Аягөз ауданы ортасындағы жолдар да жөнделуі керек. Сондай-ақ, Саржалда интернет желісі жоқ. Бұл деген Абай атамыздың тойы қарсаңында, осы мәселелердің барлығы да инфрақұрылымы да, ақпараттық қамтамасыз ету де үлкен қонақтар болады, жоғары дәрежеде біз дайындықта болуымыз керек. Енді біз ақпан айының соңында тағы бір барамыз, әр ай сайын барып тұрамыз деген ойдамыз. 

Хабар 24 телеарнасы