420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда мәдениет саласының бірқатар қызметкері мемлекеттік стипендия иегері атанды

  • 676
  • UPD: 23:20, 29.01.2020
Алматыда мәдениет саласының бірқатар қызметкері мемлекеттік стипендия иегері атанды

Алматыда мәдениет саласы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы мемлекеттік стипендиясы берілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жыл сайын тағайындалатын стипендияны Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев табыстады. Бұл – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлерін қолдау мен қамқорлығының айғағы. Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жүрсін Ерман, Нұрлан Оразалин, Меруерт Өтекешова сынды қазақ өнері мен мәдениеті және әдебиетінің дамуына үлес қосқан 75 азамат стипендия иегері атанды. Олардың қатарында Канн халықаралық кинофестивалінің лауреаты Самал Есләмова, актриса Айнұр Рахипова, балет әртісі Бақтияр Адамжан секілді жастар да бар. Кездесуде мәдениеттің бүгінгі жағдайы, болашақтағы дамуы туралы да әңгіме өрбіді.

Нұрлан Оразалин, ақын:

– Қазақтың елі аман болатын болса, қазақтың мәдениеті аман болады. Біздің қазақтың өнері де, қазақтың әдебиеті де, мәдениеті де рухани кеңістігі де осы бағытта жұмыс істеу керек қой деп есептеймін.

Айнұр Рахипова, Жастар театрының актрисасы:

– Үлкен, жақсы шабыт береді. Бізге бір серпіліс береді, бізді еледі, бізді бағалады. Осыдан күш-жігер алып одан да әрі өнерге өзіміздің үлесімізді қосуға тырысамыз.

 

Хабар 24 телеарнасы