376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияда «Көшпенділерге қонақ болу» көрмесі өтті

  • 97
  • UPD: 13:17, 30.01.2020
Швецияда «Көшпенділерге қонақ болу» көрмесі өтті

Швецияда «Көшпенділерге қонақ болу» көрмесі және белгілі қазақстандық суретші әрі дизайнер Балнұр Асанова ұсынған сәнді киімдер көрсетілімі өтті.

Суреттер, гобелендер және әдемі кестеленген киімдер Стокгольм орталығындағы галереяға қойылды. 75 жылдық мерейтойын атап өткен Қазақстандағы тұңғыш сән академиясы ұсынған бірегей коллекция қала тұрғындары мен туристерінің таңдайын қақтырды. Көрме ұйымдастырушылары қонақтарға қазақ ұлттық киімнің ерекшеліктері туралы айтып берді. Еліміздің мәдени және тарихи мұрасының таныстырылымын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Швециядағы Қазақстан жастарының қауымдастығы ұйымдастырды. Енді олар дәл осындай көрмені Дания астанасы Копенгагенде өткізуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы