429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында музей экспонаттары цифрландырылып жатыр

  • 516
  • UPD: 12:53, 31.01.2020
Ақмола облысында музей экспонаттары цифрландырылып жатыр

Қазірдің өзінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің аудандардағы филиалдарымен қосқандағы барлық жәдігерлердің 23%-і электронды деректер базасына енгізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, алдағы уақытта аталған музейлердегі 130 мыңға жуық экспонат цифрландырылуы тиіс. Бұл ең алдымен музей қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, қордағы жәдігерлерді бір жүйеге келтіруге мүмкіндік берсе, музейге келушілер үшін де экспонаттар жайлы толық мәлімет алу барынша қолжетімді бола түспек. Бірақ экспонаттарды толық цифрландыру оңай шаруа емес екен. Бұл жұмысты жеңілдету және жеделдету үшін сертификатталған арнайы бағдарламаны сатып алу қажет. «Тиісті қаржы бөлінсе, жуырда оған да қол жеткіземіз», - дейді мұндағылар.

Гүлден Изанова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы:

- Бұл бағдарламаның мүмкіндігі өте көп. Ол жәдігерлер жайлы толық әрі жан-жақты ақпарат беретін бірыңғай деректер базасы. Ондай жүйені қазір елордадағы Ұлттық музей, ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы секілді республикалық мекемелер қолданып жүр. Жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін сондай бағдарлама, бұйыртса, бізде де болады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы