410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай өлеңдерін жатқа білетін бала саны бойынша Арқалық көш басында

  • 653
  • UPD: 22:26, 04.02.2020
Абай өлеңдерін жатқа білетін бала саны бойынша Арқалық көш басында

Қостанай облысының бір ғана Арқалық қаласында «Абай оқулары» байқауының 50 жүлдегері бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы мектептерде ұлы ақынның мұраларын танып, білу шаралары он шақты жылдан бері үзілген емес. Жыл сайын Абай шығармаларына арналған байқау өткізу дәстүрге айналған. Ақынның 100-ден аса өлеңін жатқа білетін бала саны бойынша да Арқалық көш басында.

Арқалықтағы Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның әр сыныбында сабақ осылай ақын әндерін орындаудан басталады. Бұл білім ордасы бастан аяқ ұлы кемеңгер рухына тұнып тұр десек артық айтқандық емес. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрме, музей, бейне жазбалар әр қабатта орналасқан. Ал «Абайтану» курсы мұнда жұрттан ерек, 3-4 жыл бұрын енгізілген.

Гүлнәр Шамшина, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

- «Абайтану» курсы әр сыныптарда жас ерекшеліктеріне қарай жүргізіліп отырады. Екі сағаттан. Онда оқушылар Абай атамыздың мұраларын тереңнен оқып, тереңнен танып біледі. Сонымен қатар әр сәрсенбі сайын сынып оқушылары Абай өлеңдерін жатқа айтады.

7-сынып оқушысы Инабат Қажыбекова респбликалық «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы. Абай мен Шәкәрімнің 180 өлеңін жатқа біледі. Арасында өзі сүйіп оқитын туындылары  бар.

Инабат Қажыбекова, оқушы:

- «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» Сол менің ең сүйікті шығармам. Себебі, өзіме жаныма жақын өлең, мағынасы терең өте.

Жалпы Арқалық мектептерінде Абай оқуларынан түрлі денгейде топ жарғандар ондап емес, жүздеп саналады. Соңғы өткен республикалық байқауда қара сөздерін жатқа оқудан 11-сынып оқушысы Гүлдана Әлімова 1-орын алса, ұлы ақынға деген жүрекжарды жырларын арнаудан Әмина Елдос бас жүлдені жеңіп алды. Айта кетелік, Әмина Абайдың 300-ден астам өлеңін жатқа оқиды.

Есламбек Мәметеков, Арқалық қалалық  білім бөлімінің басшысы:

- Абай оқуларының 232113 бастауы 15-ші жылға кетіп қалды, негізі қалануы. Бүгінгі күні сол «Абай оқуларын» жыл сайын дәстүрге айналдырдық. Бірақ олардың барлығы да бір-біріне ұқсамайды. Абай оқуларына деген, Абайдың шығармаларын талдауға деген күннен күнге талап күшеюде.

Алдағы ақпан айында Арқалықта «Абай мұраларын орта мектептерде оқыту» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Соның негізінде әдістемелер жинағы шығарылмақ.

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы