443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда өткен онлайн конференцияда Әл-Фарабидің еңбектері талқыланды

  • 209
  • UPD: 23:34, 04.02.2020
Қостанайда өткен онлайн конференцияда Әл-Фарабидің еңбектері талқыланды

Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің жетістіктері Қостанайда талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн конференция жергілікті және Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтті. Мұнда тарихи фактілермен қатар қазіргі заманғы мысалдар жайында айтылды. Ойшылдың еңбектері әлі күнге өзіндік өзектілігін жоғалтқан емес. «Өткеннің ғылыми жетістіктері мен дәстүрлері болашақта инновацияның негізіне айналуы мүмкін», - дейді конференцияға қатысушылар.

Дәурен Тойматаев, философия ғылымдарының кандидаты:

- Әл-Фараби бойынша тек қана өмірбаян емес. Оның еңбектерімен, оның шығармашылық жолымен танысу. Әрі қарай ол жалғастырылады, әрине. Әлдеқайда қызық, күрделі жұмыстармен. Олар монографиялар, ғылыми мақалалар болуы мүмкін. Бұл біздің бастау.

Хабар 24 телеарнасы